11.02.2025
Елена Рыбакина Қатардағы турнирдің үшінші айналымына жолдама алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық тенннисші Елена Рыбакина Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 Qatar TotalEnergies Open турнирінің 1/8 финалына шықты.
Жарыстың 1/16 финалында Елена (WTA: 7 орын) америкалық теннисші Пейтон Стирнсті (WTA: 47 орын) сенімді түрде жеңді.
1 сағат 14 минутқа созылған матч 2:0 есебімен (6:2; 6:4) отандасымыздың пайдасына аяқталды.
Енді Рыбакина келесі айналымда Ребекка Шрамкова (WTA: 46 орын) мен Мирра Андреева (WTA: 15 орын) жұбының жеңімпазымен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 654 963 долларды құрайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи