12.02.2025
Қазақстан хоккей құрамасы жартылай финалда қай командамен ойнайды?
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК баспасөз қызметі
Ерлер арасындағы Қазақстан хоккей құрамасының Харбинде өтіп жатқан Қысқы Азиада аясындағы жартылай финалдағы қарсыласы анықталды.
Қазақстандық хоккейшілер жартылай финалда жарыс иелері Қытай құрамасымен кездеседі.
Ширек финалда отандастарымыз Гонконг құрамасын тас-талқан етіп 24:0 есебімен жеңген болатын. Ал жергілікті хоккейшілер 1/4 финалда Тайвань ұжымын 7:2 есебімен тізе бүктірді.
Қос тарап арасындағы кездесу ертең, 13 ақпан сағат 07:00 жоспарланған. Ал 14 ақпанда дүбірлі доданың жүлдегер құрамалары анықталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи