13.02.2025
Кёрлингтен Қазақстан ерлер командасы Азиададағы шешуші ойында жеңіліп қалды
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында кёрлингтен еліміздің ерлер құрамасы А тобындағы соңғы ойынында күтпеген жерден Қытайдың Гонконгынан жеңіліп қалды. Есеп: 5-8.
Біздің спортшылар кездесуді сәтті бастаған. Алайда 6-шы және 7-эндте қарсыласқа есе жіберіп, басымдықты уыстан шығарып алды.
Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Арман Ирджанов (Ермек Мұсайынов резервте)
Өкінішке қарай, осыған дейін топта Филиппин мен Оңтүстік Кореядан ұтылған командамыз плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов