13.02.2025
2024 жылы ең көп табыс тапқан спортшы кім?
Фото: Valerio Pennicino/UEFA via Getty Images
Sportico порталы өткен жылы ең көп табыс тапқан спортшылар тізімін жариялады.
Басылымның пайымдауынша 2024 жылы ең көп ақшаға кенелген спортшы — Криштиану Роналду. Португалиялық футболшы өткен жылы жалпы сомасы 260 млн долларды қалтасына басқан.
2024 жылы ең көп табыс тапқан 10 спортшы:
- Криштиану Роналду (футбол) — $260 млн
- Стефен Карри (баскетбол) — $153.8 млн
- Тайсон Фьюри (бокс) — $147 млн
- Лионель Месси (футбол) — $135 млн
- Леброн Джеймс (баскетбол) — $133.2 млн
- Неймар (футбол) — $133 млн
- Александр Усик (бокс) — $122 млн
- Карим Бензема (футбол) — $116 млн
- Килиан Мбаппе (футбол) — $110 млн
- Джон Рам (гольф) — $105.8 млн
Еске салсақ, Криштиану Роналду Forbes нұсқасы бойынша да осы аталымның көшін бастаған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи