Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

13.02.2025

Алмас Өтешов Қызылорда қаласында қызметке тұрды

Алмас Өтешов Қызылорда қаласында қызметке тұрды

Фото: Н. Жылқышыбайдың әлеуметтік парақшасы

Белгілі ауыр атлет Алмас Өтешов Қызылорда қаласында қызметке тұрды.

Бұл жөнінде журналист Нұрсейіт Жылқышыбай мәлім етті.

Сәл ертерек Алмас Өтешлв журналисттің YouTube арнасында сұхбат беріп, өзінің жағдайы жөнінде баяндаған еді. Сол уақытта өзінің жұмыссыз жүргенін атап өтті.

- Зілтемірші Алмас Өтешовтің сөзі далаға кетпепті. Тыңдар құлақ барына шүкір. Азаматтар бар екен. Қызылорда астана болған қала ғой. Бір кезде бар қазаққа пана болған Сыр елінің орны бөлек. Қазақ бекер «Сыр ана» деп айтпаса керек. Сол Сырдың бойынан жақсы жаңалық етіп қуанып қалдым. Облыс басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы сұхбатымызды көрген екен. Алмас бауырымыз жұмысқа тұрыпты. Басқа да шаруаларын реттеп жатыр екен. Спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қабылдапты, - деп жазды журналист өзінің парақшасында.

Алмас Өтешов 1989 жылы дүниеге келген. 2010 жылы әлем чемпионатында күміс алса, 2008, 2009 жылдарда Азия чемпионатында қолаға қол созды.  


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»