Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

13.02.2025

Станислав Черчесов венгриялық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

Станислав Черчесов венгриялық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов венгриялық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін. 

Оған сол елдің «Пушкаш академиясы» клубына бас бапкер болуы жөнінде ұсыныс түскен. 

Аталған клубтың қазіргі бас бапкері Жольт Хорнякпен келісімшарты 2025 жылдың жазында бітеді. Сондықтан Станислав Черчесовтің венгрилық ұжымның тізгінін ұстауы әбден мүмкін.
Ресейлік маман бұған дейін де Венгрияда қызмет атқарды. 2021 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың шілдесі аралығында «Ференцвароштың» бас бапкері болған ол ел чемпионатын екі мәрте жеңіп алса, бір мәрте ел кубогын төбесіне көтерді.

Былтыр Қазақстан құрамасы тізгінін ұстап, оның жетекшілігімен құрама Ұлттар лигасында алты ойынның бесеуінде жеңілді.  



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»