Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

13.02.2025

Қазақ спортының ертеңі — Михаил Шайдоров

Қазақ спортының ертеңі  — Михаил Шайдоров

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі

Мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстанның үкілеген үміті — Михаил Шайдоров.

Өмірбаяны

Михаил Шайдоров 2004 жылдың 25 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 6 жасынан бастап мәнерлеп сырғанаумен шұғылдана бастады. Бұл спорт түріне оны өзінің әкесі, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Станислав Шайдоров баулыған.

2018 жылы, 14 жасында, Ресейдің Сочи қаласына қоныс аударып, сол жерде олимпиада чемпионы, тәжірибелі бапкер Алексей Урмановтың қол астында жаттыға бастады. Жасөспірім кезінен-ақ Михаил жапондық атақты мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханюдың өнеріне тәнті болып, оған еліктеген.

Жетістіктері

Михаил Шайдоров — Қазақстанның бес дүркін чемпионы (2020, 2021, 2022, 2023, 2024). Ол Қытайда өткен Гран-при турнирлерінің күміс (2024) және қола (2023) жүлдегері, сондай-ақ жастар арасындағы әлем чемпионатының вице-чемпионы (2022).

2025 жылы Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, ерлер арасындағы жекелей сында Денис Теннен кейін жүлделі орынға іліккен алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанды.

Ересектер арасында да байрақты бәсекелерге қатысып, 2021 және 2023 жылдары әлем чемпионатында бағын сынап көрді.

Михаил халықаралық жарыстардағы ең жоғары жалпы ұпайын 2024 жылы Қытайда өткен Гран-при турнирінде жинады. Бұл додада оның көрсеткіші 276,17 ұпайды құрады. Қысқа бағдарламаның үздік нәтижесін 2024 жылы Денис Тен мемориалында (95,50 ұпай), ал еркін бағдарламаның ең жоғары нәтижесін сол Қытайдағы Гран-при турнирінде (182,94 ұпай) тіркеді.

Қорытынды

Михаил Шайдоров — қазақстан мәнерлеп сырғанау спортының жарқын болашағы. Ол халықаралық аренада еліміздің мерейін қазірдің өзінде асқақтатуда. Оның таланты мен еңбекқорлығы алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жеткізетініне сенім мен үміт мол.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»