14.02.2025
Мбаппе науқас баланың арманын орындады
Мбаппе кішкентай жанкүйерімен мәңгілікке қош айтысты.
Француз футболшысы Килиан Мбаппе ауыр сырқатқа шалдыққан кішкентай жанкүйері Лоренцомен кездесіп, оған ұмытылмас сәттер сыйлаған еді. Өкінішке қарай, бүлдіршін айықпас бас ауруының асқынуынан кеше қайтыс болды.
Килиан бұл қайғылы жағдайға байланысты жүрекжарды көңілін айтты.
— Жатқан жерің жайлы болсын, кішкентай Лоренцо. Сені ешқашан ұмытпаймын. Килиан сені жанындай жақсы көреді,— деді Мбаппе.
Еске салсақ, Килиан Лоренцоның арманын шындыққа айналдырып, естен кетпес сәттер сыйлаған еді. Мбаппе балаға жеке ұшақ жіберіп, онымен әйгілі «Сантьяго Бернабеу» стадионында танысты. Одан бөлек Лоренцо командамен фотосессия жасап, клуб атынан естелік сыйлықтар алған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи