14.02.2025
Мбаппе араға 5 ай салып Франция құрамасына оралады

Фото: «Реал Мадрид» ФК
Килиан Мбаппе Франция құрамасының алдағы матчтарына шақыртылды.
Бұл туралы құраманың бас бапкері Дидье Дешам мәлім етті.
Бұған дейін Франция дүлдүлі Мбаппе мен бас бапкер Дидье Дешамның арасында кикілжің болған. Осыған байланысты Килиан құрамның соңғы екі ойынына шақырту алмаған еді.
Айта кетейік, Франция құрамасы Ұлттар лигасы аясында наурыз айында Хорватия құрамасына қарсы екі матч өткізеді.
26 жасар шабуылшы ұлттық құрама жейдесінде 86 ойын өткізіп, 48 гол соғып, 35 нәтижелі пас берген.
