Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

14.02.2025

Харбин-2025: Кёрлингтен әйелдер құрамасы Азия ойындарында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады

Харбин-2025: Кёрлингтен әйелдер құрамасы Азия ойындарында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады

Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарын 4-орында аяқтады. Біздің спортшылар бүгін қола медальға таласта Жапония командасына жол берді. Есеп: 3-6.

Жапон ойыншылары 2-эндтен бастап сәл басымдық танытқан. Сосын Ангелина Эбауер бастаған отандастарымыз 4-эндте 2 ұпайға ие болып, таразы басын теңестірген. Алайда қарсылас алдағы айналымдарда алға шығып, өзіне тиімді есепті сақтап қала білді.

Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер резервте).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңнен плей-офф сатысына 2-орынмен шыққан. Ал кеше жартылай финалда әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2018 жылғы Олимпиаданың финалисі Оңтүстік Кореяға жол берді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»