14.02.2025
Қазақстан құрамасы өзбекстандық клубпен тең ойнады
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өзбекстандық «Локомотив» клубымен кездесті.
Белек қаласында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ел құрамасы сапынан Айбар Жақсылықов матч есебін ашты. Артынша қарсылас клуб пенальтиден есепті теңестірді. Одан бөлек матчта Оралхан Өміртаев 11 метрлік айып добын голға айналдыра алмады.
Бас бапкер Әли Әлиев матчтың екі таймына екі түрлі құрамды шығарды.
Енді ел құрамасы келесі ойынын Солтүстік Кореяға қарсы ашық түрде өткізеді. Аталған ойын 17 ақпан, сағат 19:00 жоспарланған. Тікелей көрсетілімді Qazsport арнасынан тамашалай аласыздар.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи