Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

15.02.2025

«Барселона» клубының түлегі Қазақстан құрамасында ойнағысы келеді

«Барселона» клубының түлегі Қазақстан құрамасында ойнағысы келеді

«Барселона» футбол мектебінен тәлім алған қорғаушы Алан Агаев Қазақстан азаматтығын алғысы келеді.

— Қазақстан азаматтығын алу мені қатты қызықтырады. Мен өз отанымның үлкен патриотымын. Қайтсемде елімнің азаматы атанамын. Бұған 100% сенімдімін,— деді Алан.

Алан Агаев — «Ертіс» пен «Тобылдың» бұрынғы ойыншысы Муслим Агаевтің туған ұлы. Павлодар қаласының тумасы мансабын «Ертіс» клубында бастаған. 2015 жылы «Барселона» академиясының қаралымынан өтіп, үш жылдан соң алғашқы клубына қайта оралған. 2020 жылдан бері мәскеулік «Родина» ұжымының намысын қорғап келеді.

Сонымен қатар 19 жасар футболшы Ресейдің жасөспірімдер (U19) және жастар (U21) құрамасында ойнаған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»