15.02.2025
Черногориялық ойыншы мансабын Қазақстанда жалғастырады
Дарко Зорич «Қызылжар» ойыншысы атанады.
Бұл туралы ойыншы Legalbet.kz порталына берген сұхбатында растады.
— «Қызылжармен» бір жылға жарамды келісімшартқа отырдым. Қазір Қазақстанға ұшу үшін виза жасалып жатыр. Дайын болған күні клубқа аттанамын,— деді Зорич.
Зорич осыған дейін «Қызылжар» сапында 2022 жылы доп тепкен. Одан бөлек ол «Оқжетпес» пен «Шахтер» сынды қазақстандық клубтарда ойнаған. 2023 жылдан бері өз елінің «Дечич» жейдесінде мансабын жалғап келеді.
Сондай-ақ Зорич Черногория ұлттық құрамасында 4 ойын өткізіп, 1 гол соққан.
Қазақстан премьер-лигасында жалпы саны 75 ойында алаңға шығып, 17 гол соғып, 14 нәтижелі пастың авторы атанған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи