Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

15.02.2025

Қызылордадағы жаңа стадион енді төрт айдан кейін ашылады

Қызылордадағы жаңа стадион енді төрт айдан кейін ашылады

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа стадионның қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды. Жаңа стадион мамыр айында ел игілігіне айналады.

Ол жайында облыс басшылығы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа стадионның құрылыс алаңын аралау барысында мәлім етті. 

Өңір халқының сұранысына сай салынып жатқан жаңа стадион бокс, күрес, ауыр атлетика, футболшылардың жаттығу залдарымен, йога, гимнастика-акробатика, сауықтыру-денешынықтыру залдарымен қамтылатын болады.

Стадионның тағы бір ерекшелігі – УЕФА классификациясы бойынша ІІІ санатты. 11 мың орынға арналған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Бүгінде шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау 100% аяқталып, қабырғалар мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Наурыз айында ғимараттың сыртқы қабырғалары, ішкі инженерлік желілері аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру жұмыстары басталады. Нысан мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»