Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

15.02.2025

Біріккен күрес әлемінің Президенті Қазақстанға келді

Біріккен күрес әлемінің Президенті Қазақстанға келді

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті Ненад Лалович келді.

 Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев және ҚР Күрес түрлері федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қарсы алды.

Ненад Лалович елімізге сапары барысында елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысымен кездеседі. 

Н.Лаловичтің Қазақстанға келуі отандық күрес спорты үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық палуандар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»