4 күн бұрын

«Қайсар» бір күнде екінші мәрте жеңіліп қалды

«Қайсар» бір күнде екінші мәрте жеңіліп қалды

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Қызылордалық «Қайсар» бүгін, 15 ақпанда екінші жолдастық кездесуін өзбекстандық «Насаф» командасына қарсы өткізді. 

Бұл команда өткен маусымда Өзбекстан чемпионатында жеңімпаз атанған еді. 
Алғашқы минуттан қызылордалық ұжымда Нұрымжан Салайдин, Абылайхан Төлегенов, Әділет Кеңесбек, Елжас Алтынбеков, Айбол Әбікен, Думан Нәрзілдаев, Нұрбол Ағзамбаев, Қуаныш Қалмұратов, Тимур Мұрзағалиев, Өркен Махан, Ерсұлтан Төреқұл жасыл алаңға шықты.

Қызылордалық команда сапынан Айбол Әбікен мен Думан Нәрзілдаев гол соқты.

Кездесуде «Қайсар» қарсыласына 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салсақ, бүгін қызылордалық футболшылар Германияның «Меппен» командасына 1:2 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, биыл «Қайсар» командасы легионерлермен ойнаудан түбегейлі бас тартты.

Қазірге дейін қызылордалық ұжым қақпашы Нұрымжан Салайдин, қорғаушы Әділет Кеңесбек, Абылайхан Төлегенов, Қуаныш Қалмұратов, жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаев, Айбол Әбікен, шабуылшы Айбар Жақсылықовпен келісімшартқа отырды. 

Биатлоннан әлем чемпионатында бүгін кімдерге жанкүйер боламыз?

Басқа 1 сағат бұрын

Биатлоннан әлем чемпионатында бүгін кімдерге жанкүйер боламыз?

Шаңғы жарысынан әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Басқа 3 сағат бұрын

Шаңғы жарысынан әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Самат Смақовтың баласы «Бешикташпен» келісімшартқа отырды

Футбол 3 сағат бұрын

Самат Смақовтың баласы «Бешикташпен» келісімшартқа отырды

Мессидің алты жасар баласы жұлдыз атанды

Футбол 3 сағат бұрын

Мессидің алты жасар баласы жұлдыз атанды

Александр Бублик АТР 500 турнирін алғашқы кезеңнен аяқтады

Теннис 4 сағат бұрын

Александр Бублик АТР 500 турнирін алғашқы кезеңнен аяқтады

«Жетісу» Давид Есимбековті қатарға қосты

Футбол 4 сағат бұрын

«Жетісу» Давид Есимбековті қатарға қосты