4 күн бұрын
Омар Мармуштың хет-тригі: «Манчестер Сити» төртінші орынға көтерілді

Фото: BRFootball
Футболдан Англия Премьер-лигасының 25 туры аясында «Манчестер Сити» өз алаңында «Ньюкаслды» қабылдады.
«Этихад» стадионында өткен ойында алаң иелері айқын басымдық көрсетті. Бірінші таймның өзінде команданың жаңа ойыншысы Омар Мармуш Мартин Дубравка қорғаған қақпаға хет-трик жасап тастады.
Ойынның екінші таймының 84-ші минутында Джеймс Макати есепті 4:0 жеткізіп, ойынның нүктесін қойды.
Матчты алғашқы минуттан бастаған өзбекстандық қорғаушы Әбдіқадыр Хусановта сауатты ойын өрнегін көрсетті.
Бұл жеңістен кейін «Манчестер Сити» 44 ұпай жинап, төртінші орынға көтерілді.
Аталған ойынмен қатар тағы төрт матч өтті.
- «Астон Вилла» - «Ипсвич Таун» 1:1
- «Вест Хэм» - «Брентфорд» 0:1
- «Саутгемптон» - «Борнмут» 1:3
- «Фулхэм» - «Ноттингем Форест» 2:1
