16.02.2025
Әзербайжандық клуб Ислам Чесноковқа қызығушылық танытты
Әзербайжанның ең титулды клубтарының бірі, бакулік «Нефтчи», Қазақстан құрамасының футболшысына қызығушылық танытты.
Әзербайжанның тоғыз дүркін чемпионы қостанайлық «Тобылмен» байланысқа шығып, тиімді сатып алу ұсынысын жасады. Бұл клубты қанағаттандырды. Алайда Чесноковтың өзі Батыс Еуропа чемпионаттарының біріне кетуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін 25 жастағы Чесноковты шотландиялық «Хартс» бақылап жүргені белгілі болған еді. Бірақ «Тобылды» британдықтардың ұсынған шарттары қанағаттандырмады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов