16.02.2025
ҚФФ президенті Абай облысының әкімі атануы мүмкін
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалуы мүмкін.
Ulysmedia порталының мәліметінше Марат Омаровтың кандидатурасын билік мақұлдаған.
17 ақпан күні ресми түрде Абай облысының әкімі белгілі болады.
Еске салсақ, Марат Омаров жақында ғана Қазақстан футбол федерациясының тізгінін ұстаған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи