Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

16.02.2025

«Портудың» аңызға айналған президенті өмірден озды

«Портудың» аңызға айналған президенті өмірден озды

Жорже Нуну Пинту да Кошта 87 жасында көз жұмды.

Қатерлі дертпен ұзақ уақыт күрескен аты аңызға айналған басшының соңғы күндері жағдайы күрт нашарлап, ажал құшты.

Пинту да Кошта «Порту» клубын 42 жыл (1982-2024) үздіксіз басқарып, осы уақыт аралығында команданы Португалияның ғана емес, Еуропаның да азулы ұжымына айналдырды. Оның тұсында «Айдаһарлар» жалпы саны 69 трофей жеңіп алды.

Сонымен қатар Пинту да Кошта – футбол тарихында ең көп жүлде жеңіп алған және бір клубтың билік басында ең ұзақ уақыт отырған президент ретінде өзіндік орнын қалдырды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»