16.02.2025
Ерасыл Қажыбаев Үлкен дулыға турнирінде қола алды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Әзірбайжан астанасы Бакуде Үлкен дулыға турнирінің қола жүлдегері атанды.
Халықаралық бәсекеде балуан аса ауыр салмақта (100 келіден жоғары) сынға түскен ол қола жүлде үшін грузиялық Саба Инаниешвилиді қосымша уақытта (golden score) жеңді.
Айта кетсек, Ерасыл екі жыл бұрын Баку қаласында 2 жыл бұрын да аталған турнирде де үздік үштікті түйіндеген еді.
Аталған турнирде 36 елдің 258 татами шебері сынға түсті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»