16.02.2025
«Қайсар» Түркиядағы соңғы ойынын «Согдианаға» қарсы өткізеді
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын Өзбекстанның «Согдиана» командасына қарсы жолдастық кездесумен аяқтайды.
Бұл ойын 17 ақпан сағат 13:00-ге белгіленген.
«Согдиана» 1970 жылы құрылған. Өткен маусымда Өзбекстан суперлигасында үздік үштіктен көрінді.
Қызылордалық клуб бұдан бұрын өзбекстандық «Насаф» командасынан 2:4 есебімен жеңіліп қалған еді.
Айта кетсек, биыл «Қайсар» командасы легионерлермен ойнаудан түбегейлі бас тартты.
Қазірге дейін қызылордалық ұжым қақпашы Нұрымжан Салайдин, қорғаушы Әділет Кеңесбек, Абылайхан Төлегенов, Қуаныш Қалмұратов, жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаев, Айбол Әбікен, шабуылшы Айбар Жақсылықовпен келісімшартқа отырды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»