17.02.2025
«Қайрат» жаңа маусым алдында жанкүйерлерімен кездесті
Фото: «Қайрат» ФК
16 ақпанда Аport Mall East cауда орталығында «Қайрат» футбол клубының ресми таныстырылымы өтті.
Салтанатты іс-шараға жүздеген жанкүйер келді.
Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаев келесі маусымда алға қойған чемпиондық титулды қорғау, еурокубоктардың негізгі кезеңіне шығу, Қазақстан Кубогы мен Лига Кубогы үшін күресу сынды басты мақсаттарды тізіп шықты. Сонымен қатар клуб президенті академияның жетістіктерін, соның ішінде Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысқанын ерекше атап өтті.
Таныстырылым барысында клубтың жаңа демеушісі кең ауқымды фильм, сериал мен спорт трансляцияларын ұсынатын ірі видеосервис екені жарияланды.
Жанкүйерлерге клубтың маусымдағы мақсаттары туралы бейнематериал көрсетіліп, кейін академия түлектерінен құралған кәсіби әйелдер командасы таныстырылды.
Шараның соңында жанкүйерлер үшін қолтаңба сессиясы ұйымдастырылды. Олар ойыншылармен суретке түсіп, қолтаңба алды. Сонымен қатар Қайрат Боранбаев, Рафаэль Уразбахтин, Мария Ялова мен Әділет Садыбеков қатысқан баспасөз маслихатты өтті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи