Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

17.02.2025

Неймар «Сантос» сапындағы алғашқы голын соқты

Неймар «Сантос» сапындағы алғашқы голын соқты

Бразилия чемпионатының 11-ші турындағы «Сантос» пен «Агуа Санта» арасындағы ойын алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаз команданың голдарын Тачиано, Гильерме және жақында өз клубына оралған жұлдызды шабуылшы Неймар соқты. Матчтың 14-минутында бразилиялық пенальтиді голға айналдырды. Оған қоса, бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Қонақтардың жалғыз голын Нетиньо соқты.

Еске салайық, Неймар жуырда Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубынан «Сантосқа» оралған болатын. Бұл оның командаға оралғаннан кейінгі алғашқы нәтижелі матчы. 


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»