18.02.2025
Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде 7 медаль алды
Фото: olympic.kz
Беларусьтің Минск қаласында өткен дәстүрлі халықаралық турнирде күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль алды.
Бұл турнир үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведтің құрметіне арналды.
Ел құрамасынан Жәмилә Бақбергенова (72 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Биыл Эльмира үшінші мәрте халықаралық жарыста топ жарып тұр. Қазірге дейін ол Ницца (Франция) мен Красноярск (Ресей) қалаларында өткен жарыстарда чемпион болды.
Ел құрамасынан Ирина Кузнецова (59 келі), Зейнеп Баянова (53 келі), Зульфия Яхъярова (55 келі), Тыныс Дүбек (62 келі) және Елена Шалыгина (65 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»