2 күн бұрын
Самат Смақовтың баласы «Бешикташпен» келісімшартқа отырды

Белгілі қазақстандық футболшы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов Түркияның атақты «Бешикташ» клубының жастар командасының ойыншысы атанды.
16 жасар жартылай қорғаушы бұған дейін бір жылға жуық уақыт «қара бүркіттер» академиясында жаттығып жүрген. Енді ол жасөспірімдер командасының сапында ресми матчтарда алаңға шыға алады.
Аламгир футбол әліппесін «Қайрат» академиясында үйренген. Оның «Бешикташқа» ауысуына ресейлік агент Рустам Раджабов көмектескен.
Айта кетейік, аталған клуб сапында тағы бір отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов доп тебеді.
