19.02.2025
PWL 8 турнирінде қазақстандық балуандар кімдермен белдеседі?
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
PWL 8 турниріндегі қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды.
Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан өз жанкүйелерінің алдында Рио олимпиадасының чемпионы, америкалық атақты балуан Кайл Снайдермен күреседі.
Сондай-ақ еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Азамат Дәулетбеков өз кезегінде Токио олимпиадасының финалисі, Беларусь елінен келген Магомедхабиб Кадимагомедовпен күш сынасады.
Ал әйелдер күресінде 3 дүркін Азия чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері қазақстандық Жәмила Бақбергенова көршілес қырғыз елінің өкілі Айпери Медеткызымен боз кілемге шығады. Айперидің жетістіктеріне тоқталсақ — жазғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының күміс және қола медаль иегері.
Айтулы турнирге жалпы саны 11 елден 19 спортшы қатысады.
Байрақты бәсеке 25 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи