19.02.2025
OCTAGON лигасының чемпионы алдағы жоспарымен бөлісті
OCTAGON лигасының чемпионы Аян Тұрсын Sport+ арнасына берген сұхбатта алдағы жоспарлары туралы айтты.
«Мен 52 келі салмақта OCTAGON лигасының чемпионымын. Жоспар бойынша сәуір айында белбеуімді қорғаймын. Қарсыласым лигада екі жеңіске жетті, сондықтан басшылық оған мүмкіндік беруді шешті. Ол аяқта тұрып ұрыс жүргізуді ұнатады, мен де солай, сондықтан жақсы жекпе-жек болады деп ойлаймын», — деді Аян Тұрсын.
Чемпиондық жекпе-жек 19 сәуірге жоспарланған. Аянның қарсыласы — қырғызстандық жауынгер Фарида Абдуева.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов