19.02.2025
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Christopher Pike/Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жарыстың 1/8 финалында әлемнің жетінші ракеткасы Рыбакина испаниялық Паула Бадосамен (WTA: 10) кездесіп, тартысты өткен матчта 2:1 (4:6, 7:6, 7:6) есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілердің текетіресі 2 сағат 49 минутқа созылды. Кездесу барысында Елена 10 эйс жасап, 4 мәрте брейк орындады.
Енді отандасымыз ширек финалда әлемнің төртінші ракеткасы Ясмин Паолиниді жеңген америкалық София Кенинмен (WTA: 56) кездеседі.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 654 963 АҚШ долларын құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи