20.02.2025
Қазақстандық биатлоншылар әлем чемпионатында қандай нәтиже көрсетті?
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Швейцарияның Ленцерхайд қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем чемпионатында ерлер арасындағы жекелей бәсеке өтті.
Аталған жарыста отандастарымыздың арасында ең үздік нәтижені Владислав Киреев көрсетті. Киреев мәре сызығын 74-ші болып қиды. Одан бөлек Вадим Куралес 75-ші орынға табан тіресе, Александр Мухин 86-шы орынды тұрақтады. Ал Әсет Дүйсенов сайысты 89-шы орынды аяқтады.
Жарыста Француз спортшысы Эрик Перро алтыннан алқа тақса, италиялық Томассо Джакомел күміспен күптелді. Ал үздік үштікті франциялық Кентен Фийо Майе түйіндеді.
Айта кетейік, бүгін, 20 ақпанда аралас жекелей эстафета өтеді. Бұл сында еліміздің намысын Вадим Куралес пен Арина Крюкова қорғайды. Бәсеке Қазақстан уақытымен сағат 20:05-те басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи