Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

20.02.2025

Александр Шевченко әлемнің екінші ракеткасына есе жіберді

Александр Шевченко әлемнің екінші ракеткасына есе жіберді

Фото: Quinn Rooney/Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан АТР 500 санатындағы Rio Open турнирін аяқтады.

Жарыстың 1/8 финалында Александр Шевченко (АТР: 103) әлемнің екінші ракеткасы германиялық Александр Зверевке жол берді.

Тартысқа толы өткен кездесу 2 сағат 29 минутқа созылды. Шевченко тегеурінді қарсылық көрсеткенімен, матч нәтижесінде жеңіске жете алмады. Қорытынды есеп 0:2 (6:7; 6:7) Зверевтің пайдасына.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 2 396 115 долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан