20.02.2025
Еуропа лигасы: «Галатасарай» жарысты жалғастыра ала ма?
Фото: matchtv.ru
Бүгін УЕФА Еуропа лигасы плей-офф сатысындағы қарымта ойындар өткізіледі.
Жарыстың аталған сатысында Түркияның «Галатасарай» клубы сырт алаңда Нидерландтың «АЗ Алкмаар» клубына 1:4 есебімен есе жіберген еді. Бұл жолы олар қарымта қайтара ала ма?
Сондай-ақ, «Рома» (Италия) және «Порту» (Португалия) кездесуі де тартысты өтеді. Өйткені, екі команда алғашқы ойында 1:1 есебімен тең түскен еді.
Өзге ойындардың кестесі төмендегіше:
«Бодо-Глимт» (Норвегия) - «Твенте» (Нидерланд) бірінші ойын 1:2
ФКСБ (Румыния) - ПАОК (Грекия) бірінші ойын 2:1
«Виктория Пльзень» (Чехия) - «Ференварош» (Венгрия) бірінші ойын 0:1
«Аякс» (Нидерланд) - «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) бірінші ойын 2:0
«Андерлехт» (Бельгия) - «Фенербахче» (Түркия) бірінші ойын 0:3
«Реал Сосьедад» (Испания) - «Мидтьюлланн» (Дания) бірінші ойын 2:1.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан