1 күн бұрын
Илья Ильин қызының жасқа толуына орай қазақша тұсаукесер жасады

Фото: liter.kz
Белгілі ауыр атлет Илья Ильин қызының бір жасқа толуына құрметіне орай қазақы дәстүрмен тұсаукесер рәсімін өткізді.
Бұл жөнінде белгілі журналист Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Аили, Жаным! Мен сенімен өз сәттілігіммен бөлісемін. Әрдайым жолың болсын. Аяғыңды нық баса ғой, балапан. Құдай берген барлық әлеуетіңді іске асыра біл. Жаныңда әрқашан мейірімді және жақсы адамдар болсын. Қазақстанның жұлдызы әрі мақтанышы бол. Илья, Татьяна, сіздерді тәп-тәтті қыздарыңыздың бірінші туған күнімен құттықтаймын, - деп жазды ол.
Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол 2005, 2006, 2011, 2014 жылдарда әлем чемпионы атанды. Ал 2008, 2012 жылдарда Олимпиада чемпионы атанғанмен допингке байланысты медальды қайтарып берді.
