1 күн бұрын
Бактиер Зайнутдинов бір айдан астам уақыттан кейін жарақатынан айықты

Фото: Sports.kz
Футболдан Қазақстан құрамасы мен түркиялық «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов алдағы ойындарға дайын.
Бұл жөнінде команданың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Ол енді алдағы «Эюпспор» клубына қарсы кездесуде жасыл алаңға шығуына мүмкіндігі бар.
Бактиер өз командасының өткен жылғы желтоқсан айындағы ойындарының бірінде жарақат алған еді. Соған байланысты ол бірнеше кездесуден тыс қалды.
Бахтиер Зайнутдинов ыстанбұлдық клубпен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған болатын. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнай алады.
Бактиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.
