21.02.2025
Мейсон Гринвудқа «Барселона» мен «Бавария» қызығушылық білдірді
Фото: rsport.ria.ru
Ағылшын шабуылшысы Мейсон Гринвудтың трансферлік нарықтағы жағдайы көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр.
Футбол инсайдері Екрем Конурдың мәліметінше, «Барселона» жас ойыншыны қатарға қосу үшін «Бавариямен» бірге тартысты арттырды.
Гринвуд испаниялық «Хетафеде» былтыр тамаша нәтиже көрсетті. Мұндай көрсеткіш Еуропаның алпауыт клубтарының назарын аудартпай қоймады. Қазір ол франциялық «Марсельдің» намысын қорғайды.
«Барселона» шабуыл шебін күшейту үшін оны қатарға қосуды көздеп отыр. Ал «Бавария» да жас ойыншыға қызығушылық танытуда. Егер бұл трансфер жүзеге асса, Гринвуд үшін үлкен мүмкіндік болмақ.
Райан ТҰРСЫНБЕК
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан