Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

21.02.2025

Нысана көздеу: Қазақстан Азия Кубогында 12 алтын медальмен топ жарды

Нысана көздеу: Қазақстан Азия Кубогында 12 алтын медальмен топ жарды

Бүгін Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогын аяқталды. Соңғы жарыс күні біздің мергендер тағы 4 медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын!

Әуелі еліміздің әйелдер командасы тағы тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Бұл жолы винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде Александра Ле, Арина Алтухова мен Елизавета Безрукова триосы жалпы есепте топ жарды. Үш мергеніміз 1746 ұпаймен күміс жүлдегер Жапониядан 1 балл озып кетті. Үздік үштікте тағы Оңтүстік Корея командасы. Кеше бұл құрамалар 50 метрден жатып оқ атуда дәл осындай ретпен жүлде алған.

Жекелей сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле финалда жеңіске жетті (463.2 балл). Ал Елизавета Безрукова 1 ұпай аз жинап, күміспен күптелді.

Осыдан кейін 25 метрден тапаншамен нысана көздеуде Никита Чирюкин үздік көрсеткішке қол жеткізді (569 балл). 

Осымен биылғы Азия Кубогы мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жасөспірімдер мен ересектер арасындағы нәтижені қосқанда 12 алтын, 9 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алды.


2-орын - Оңтүстік Корея (7 алтын, 4 күміс, 7 қола)

3-орын - Сингапур (3 алтын, 4 күміс, 2 қола)


Барлығы жарысқа спорты алып келген 23 мемлекеттің 16-сына жүлде бұйырды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан