21.02.2025
Бибісара Асаубаева шиеленіскен ойында жеңіліс тапты
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Францияның Монако қаласында өтіп жатқан гран-при додасында қарсыласына есе жіберді.
Үшінші турда Асаубаева Александра Горячкинмен кездесті. Қос шахматшы арасындағы партия бес жарым сағатқа созылды. Нәтижесінде ресейлік шахматшы отандасымыздан басым түсті.
Үш ойыннан кейін Бибісара 1 ұпаймен тоғызыншы орында келеді. Осыған дейін ол екі ойын ойнап, екі партияны да тең нәтижемен аяқтаған болатын.
Келесі турда Бибісара Асаубаева турнир кестесінде 0,5 ұпаймен оныншы орында келе жатқан, үндістандық шахматшы Харика Дроноваллимен кездеседі.
Дүбірлі дода 28 ақпанға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи