Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

21.02.2025

Мессидің жейдесін сұраған төреші сөгіс естіді

Мессидің жейдесін сұраған төреші сөгіс естіді

Фото: instagram/leomessi

Кеше «Интер Майами» КОНКАКАФ Чемпиондар кубогының 1/16 финалында «Спортинг Канзас-Ситимен» кездесті.

Канзас-Сити қаласында өткен матчқа Марко Антонио Ортис Нава төрелік етті.

Матчтан кейін Ортис Нава Лионель Мессидің жейдесін сұраған. Месси бұл өтінішке қуана келісіп, -17 градус аязда алаңда тұрғанын айтып, стадион ішіне кірген соң жейдесін табыстаған.

Алайда бұл әрекет матчты ұйымдастырған КОНКАКАФ конфедерациясына ұнамай, мексикалық төрешіге қатаң сөгіс жариялады.

— КОНКАКАФ бұл жағдайдан хабардар. Тергеу барысында Ортис Нава Мессиден отбасы мүшесіне сыйлық үшін жейде сұрағаны анықталды. Бұл әрекет ұйымның ережелеріне қайшы. Ортис қателігін мойындап, тәртіптік жазаға тартылды, — делінген конфедерация мәлімдемесінде.

Айта кетейік, ойын 1:0 есебімен «Интер Майамидің» пайдасына аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 56-шы минутта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси әріптесі Серхио Бускетстің пасынан кейін соқты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан