Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

21.02.2025

Игорь Леонов: «Қайрат» клубы еш өзгермеген

Игорь Леонов: «Қайрат» клубы еш өзгермеген

«Ақтөбе» клубының бас бапкері Игорь Леонов Қазақстан Суперкубогы қарсаңында команданың дайындығы бойынша пікірін білдірді.

«Оқу-жаттығу жиыны қалыпты режимде өтті. Бір ғана өкініш - дәл қазіргі сәтте қатарымызды толықтырып жатқан жаңа футболшылар сәл ертерек қосылғанда жақсы болар еді».

Бапкер алдағы ойын жанкүйерлердің ішін пыстырмайтындығына сенімді.

«Қос команда да шабуыл шебінде ойнағанды жақсы көреді. Барлығын ертеңгі матч шешеді. 

Украиналық маман алматылық клубты зерттегенін де айта кетті.

Түркияда «Қайраттың» екі матчын тамашаладым. Былтырғымен салыстырғанда еш өзгермеген.

Айта кетейік, «Қайрат» - «Ақтөбе» арасындағы кездесу ертең 15:00-де Astana Arena стадионында өтеді.

 


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан