20 сағат бұрын
Еркін Тапалов: «Қайратта» ойнау арманым шындыққа айналды

Фото: «Қайрат» ФК
«Қайрат» футбол клубының қорғаушысы Еркін Тапалов «Ақтөбемен» суперкубок алдындағы баспасөз мәслихатында балалық арманы жайлы сөз қозғады.
— Мен Оралдың тумасымын. «Ақжайық» футбол клубында тәлім алдым. Бірақ балалық шағымда «Қайраттың» жейдесінде доп тебуді қатты қаладым. Қазір арманым шындыққа айналды. Осы трансфердің жүзеге асуына септігін тигізген бапкерлер мен басшылық өкілдеріне шын жүректен алғысымды білдіремін, — деді Еркін Тапалов.
Еске салсақ, Еркін Тапалов осы күзде алматылық клубқа «Тобылдан» ауысып келген болатын.
