12 сағат бұрын
Серікжан Мужиков туған жеріне оралып, «Елімай» сапына қосылды

Қазақстандық футболшы Серікжан Мужиков биыл семейлік «Елімай» клубында ойын көрсетеді.
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы 1989 жылы Абай облысында дүниеге келген. Спорттағы алғашқы қадамын талдықорғандық «Жетісу» командасында бастаған.
Жартылай қорғаушы шебінде ол ұлттық құрамада 30-ға жуық ойын өткізген. Тәжірибелі ойыншы «Елімай» сапындағы алғашқы ойынында грузиялық клубқа тұсаукесер голын соғып үлгерді.
«Жетісу» өңірінде футбол жолын бастаған ойыншы мансабының басым бөлігін елордалық «Астана» ұжымында өткізді. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнау тәжірибесі Серікжан 7 дүркін ел чемпионы болып үлгерді.
