9 сағат бұрын
Чемпиондар лигасының басты фавориті анықталды

Фото: championsleague
Opta суперкомпьютері 1/8 финалдың жеребе қорытындысына сәйкес Чемпиондар лигасының басты фавориттерін атады.
Дереккөздің нұсқасы бойынша турнирде чемпион атануға басты үміткер команда — «Ливерпуль». Екінші орынға каталондық «Барселона» орныққан. Ал үздік үштікті лондондық «Арсенал» түйіндеп тұр.
Opta нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасын жеңуге басты үміткер 10 клуб.
- «Ливерпуль» — 17,2%;
- «Барселона» — 15,4%;
- «Арсенал» — 13,6%;
- «Интер» — 12,7%;
- «Реал» — 11,6%;
- ПСЖ — 8,8%;
- «Байер» — 5,8%;
- «Бавария» — 4,8%;
- «Атлетико» — 2,9%;
- «Лилль» — 1,4%.
Еске салсақ, 1/8 финалдың бірінші ойындары 4-5 наурыз күндері өтеді. Ал қарымта ойындар тура бір аптадан кейін 11-12 наурызға жоспарланған.
