9 сағат бұрын
Роберт Левандовски – жеңіс голдарының көшбасшысы

2024/25 жылғы маусымда барлық жарыста ең көп жеңіс голын соққан ойыншылардың көшін "Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовски бастап тұр.
Польша құрамасының жұлдызы биылғы маусымда 12 жеңіс голын соғып, өз командасының табысты ойнауына зор үлес қосты.
Оның артынан Омар Мармуш (10 гол), Александр Исак (9 гол) және Гарри Кейн (9 гол) секілді үздік шабуылшылар еріп келеді. Сондай-ақ, Брэдли Баркола мен Мохамед Салах та шешуші голдарымен ерекшеленіп, 8 жеңіс голымен үздік алтылыққа енді.
Маусым жалғасып жатқандықтан, бұл көрсеткіш әлі де өзгеруі мүмкін. Левандовски өз позициясын сақтап қала ма, әлде басқа біреу оны басып оза ма? Бұл футбол жанкүйерлерінің қызығшылығын туғызып отыр.
Райан ТҰРСЫНБЕК
