9 сағат бұрын
Солтүстік Корея «Тоттенхэм» ойындарын көрсетуге тыйым салды

Солтүстік Корея енді Лондонның «Тоттенхэм» клубының матчтарын ресми түрде көрсетуге тыйым салды.
Бұған басты себеп – команда капитаны, оңтүстіккореялық футболшы Сон Хын Миннің бұл клубта өнер көрсетуі.
Бұл шешімді тікелей ел басшысы Ким Чен Ын қабылдаған. Солтүстік Корея тек «Тоттенхэммен» шектеліп қалған жоқ. Құрамында оңтүстіккореялық ойыншылар бар «Вулверхэмптон» мен «Брентфорд» клубтарының матчтарын да көрсетуге тыйым салынды.
Ағылшын Премьер-лигасының басқа клубтарының ойындарын көрсетуге рұқсат берілгенімен, оларды тек бір ғана телеарна тарата алады. Ал Сон Хын Мин жарақат алу немесе дисквалификация алу салдарынан қатыспайтын матчтар көрсетіле ме, бұл жағы белгісіз.
