25.03.2023

Симон Кьер: «Финляндиямен болған ойындағыдай нәтиже тіркейміз»

Симон Кьер: «Финляндиямен болған ойындағыдай нәтиже тіркейміз»

Симон Кьер

Дания құрамасының капитаны Симон Кьер Еуро-2024 іріктеу кезеңінің екінші турында Қазақстанмен өтетін алдағы ойын туралы пікір білдірді.

– «Астана Аренадағы» жасанды төсеніш туралы не айта аласыз?

– Жасанды төсеніште бірнеше рет ойнағанбыз, бұл мәселе емес. Бүгін де жаттығу жасаймыз және ойынымыздың сапасы шешуші рөл атқарады деп ойлаймыз. Табиғи және жасанды алаңда ойнау екі бөлек нәрсе. Бірақ онша көп болмаса да жссанды төсеніште доп тепкенбіз. Мақсатымыз 2017 жылғыдай – алаңға шығып, жеңіске жету. Стадион да бөлек, менің түсінуімше, ертең шатыры жабылуы керек.

– Симон, сіз 2017 жылы Алматыда Қазақстанға қарсы ойнадыңыз. Сіз бұл және алдағы ойынды қалай байланыстырасыз?

– Иә, әрине, сол қиын ойын есімде. Ертеңгі кездесу де сондай қиын болады деп ойлаймын. Біз әдеттегідей, шабуылда ойнаймыз. Финляндиямен болған ойындағыдай нәтиже тіркейміз деп үміттенеміз.

– Сіз жас Хойлуннға қысымды жеңуге көмектесесіз бе?

– Финляндияға қарсы ойындағы хет-триктен кейін оның көңілі көтерілді, соның арқасында біз бірінші ойында жеңіске жеттік. Екінші ойында да бізге көмектеседі деп үміттенемін. Ол болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы.

– Неліктен «Миланда» аз ойнап жүрсіз?

– Бұл бапкердің таңдауы. Қазір мен тек ұлттық құрамадағы ойыныма ден қойдым. Мен өз жұмысымды істеп жатырмын және тек жаттығуды жалғастырып, футболға көңіл бөле аламын. Жақын арада жағдай өзгереді деп сенемін.

– Қазақстандық ойыншы Бақтиер Зайнутдинов Италия чемпионатына ауысады деген қауесетке байланысты сұрақ. Ол А сериясында ойнай ала ма? Тіпті «Милан» сапында Кетеларемен бірге ойнауы мүмкін бе?

– Мен бұл туралы естіген жоқпын. Сондықтан айтар сөзім жоқ.

Садриддин Ахмедов 1 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізеді

Бокс 8 сағат бұрын

Садриддин Ахмедов 1 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізеді

Федерико Кьеза «Ливерпуль» ойыншысы атануға жақын

Футбол 10 сағат бұрын

Федерико Кьеза «Ливерпуль» ойыншысы атануға жақын

Елдос Сметов: Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындаламын

Күрес 10 сағат бұрын

Елдос Сметов: Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындаламын

Қазақстан хоккей құрамасының ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

Хоккей 12 сағат бұрын

Қазақстан хоккей құрамасының ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

19-турдағы ойындардың басталатын уақыты белгілі болды

Футбол 15 сағат бұрын

19-турдағы ойындардың басталатын уақыты белгілі болды

Қостанай, Ұлытау және Маңғыстаудан Олимпиадаға бірде-бір спортшы қатысқан жоқ

Париж-2024 17 сағат бұрын

Қостанай, Ұлытау және Маңғыстаудан Олимпиадаға бірде-бір спортшы қатысқан жоқ