04.03.2025

Freedom QJ League: Қазақстандағы жасөспірімдердің футболына қаншалықты көңіл бөлінеді?

Freedom QJ League: Қазақстандағы жасөспірімдердің футболына қаншалықты көңіл бөлінеді?

2023 жылы Астана төрінде Қазақстан құрамасының Данияны 3:2 есебімен жеңуі, ЕУРО-2024 финалдық кезеңіне шығуына бір қадам ғана жетпей қалуы, ел чемпионатын стадионнан тамашалаушылардың саны еселеніп, жыл сайын рекордтарды жаңартуы және т.б жайттар ел ішінде футболға деген сұраныстарды арттыруда.

Қазақ футболының жетістігі кездейсоқ болып қалмауы және келесі сатыға өтуі үшін бірінші кезекте балалар футболына назар аударылу қажет екендігі түсінікті. Осы орайда Freedom QJ League 2023 жылдан бастап, жасөспірімдер арасында футболды жүйелі түрде дамытуды қолға алды.

Бұрын қалай еді?

2023 жылға дейін жасөспірімдер командалары бір қалада жиналып, санаулы күнде бірнеше ойынды өткізетін. Бұл ақшаны үнемдеуге жақсы әдіс болғанымен, жас футболшылар физикалық дайындығын жоғары дәрежеде ұзақ уақыт бойы ұстай алмайтын. Салдарынан жарақат алу қаупі артады. Ал ересектер футболында мұндай тәжірибе жоқ. Қазақстанда, әдетте, кәсіпқой ойыншылар аптасына бір реттен жиі ойнамайды.

Енді не өзгерді?

Лиганың құрылуының арқасында маусым күнтізбесін үйдегі және сырттағы кездесулерді қамтитын апталық циклдерге бөлу мүмкін болды. Лига жарыстарды ұйымдастыруға байланысты негізгі шығындарды толық өз мойнына алды. Оның ішіне логистика, қонақ командалардың, төрешілер мен инспекторлардың тамақтануы мен тұруы, сондай-ақ турнирлердің маркетингтік қолдауы кірді. Ал клубтардың жауапкершілігінде тек өз алаңындағы ойындарды өткізуге қатысты шығындар ғана қалды.

Қалай өтті?

2024 жылы Freedom QJ League аясында жалпы саны 320 матч өтті. Лиганың әрбір клубы екі турнирге (U-18 және U-17A) қатысып, маусым барысында 22 рет басқа өңірлерге сапар жасады.

Әуе билеттерінің орташа құны бір адамға барып-қайту бағасы шамамен 100 мың теңгені құрады. Әрбір сапарға шыққан команданың делегациясы 22 ойыншы мен штаб өкілдерін қамтығанын ескерсек, U-18 және U-17 турнирлеріне қатысушы клубтар үшін, бұл шығындарды өз бетімен өтеу маусым бойы шамамен 50 миллион теңгеге түсер еді.

Команданы қонақ үйге 2 күнге орналастыру және Қазақстан футбол федерациясының диетологтары мақұлдаған үш мезгілдік тамақтану шығындары орта есеппен бір адамға 50 мың теңгені құрады. Осылайша, егер әр клуб бұл шығындарды өз есебінен өтеген жағдайда, маусым барысында олардың жалпы шығындары шамамен 25 миллион теңгені құрайтын еді.

2024 жылдың маусымында Лига командалары жалпы ұзақтығы 652 сағатқа жалғасқан 326 әуе рейсін, 1416 сағаттық 59 пойыз сапарын және 930 сағатқа жалғасқан 155 автобус сапарын жасады. Командалар, төрешілер мен инспекторлардың билеттеріне, сондай-ақ олардың тұруы мен тамақтануына жалпы алғанда 1 миллиард теңге жұмсалды.

Лига жаттығу формасы мен доппен қамтамасыз ету шығынын да өз мойнына алды. Бұл 80 млн теңге шығынды құрады.

Цифрлық өзгерістер

2023 жылы Қазақстан жасөспірімдер футболы тарихында алғаш рет Wyscout жүйесі арқылы кеңейтілген статистиканы жинау, жүйелеу, цифрлық форматқа көшіру және талдау жұмыстары басталды.

Freedom QJ League матчтары кемінде алты камера арқылы жоғары сапада жазылып, Лиганың YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл скауттар мен бапкерлердің алдағы уақыттағы жұмыстарына өте үлкен септігін тигізді.

Қандай нәтижесін берді?

Лигада өнер көрсеткен кейбір ойыншылар Қазақстаннан тыс жерлерде өздерін көрсетуге мүмкіндік алды. Мысалы, «Атырау» клубының қақпашысы Дулат Талыспаев Freedom QJ League-2023 маусымы кезінде Данияның «Кёге» командасының ойыншысы атанды. Ал Ілияс Әбіл Португалияның «Жил Висенте» клубына ауысты. «Қайрат» клубының тағы бірі талантты шабуылшысы Рамазан Бағдат өткен демалыста ғана алматылық ұжым сапында «Астанаға» қарсы доп тепті.

Қазақстан тарихындағы ең атақты трансфер 16 жастағы «Қайрат» командасының тәрбиеленушісі Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челси» клубына ауысуы болды. Жас шабуылшыны жасөспірімдер Лигасында екі жылда 28 матч өткізіп, 26 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.

Маусым бойы Лига тұрақты негізде жаттықтырушылар, маркетологтар, медиа-офицерлер және басқа да мамандардың біліктілігін арттыруға арналған оқу семинарларын өткізеді. Барлық шығындар Лиганың есебінен жүзеге асырылады. Бұл шаралар арқасында өңірлерде жаңа кәсіби мамандар толқыны қалыптасатыны сөзсіз.

Ал ендігі жаңа маусым сәуір айында басталады.

Ақтөбе полициясы Рафаэль Уразбахтинге айыппұл салды

Футбол 1 сағат бұрын

Ақтөбе полициясы Рафаэль Уразбахтинге айыппұл салды

«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Футбол 1 сағат бұрын

«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Жеңіл атлетика: Қазақстан жалпы есепте 4-орын алды

Жеңіл атлетика 12 сағат бұрын

Жеңіл атлетика: Қазақстан жалпы есепте 4-орын алды

Changan автокөлік бренд орталықтарында QJ League-ға футболшылар іріктелді

Футбол 12 сағат бұрын

Changan автокөлік бренд орталықтарында QJ League-ға футболшылар іріктелді

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

Теннис 12 сағат бұрын

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

Футбол 14 сағат бұрын

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды