08.03.2025

«Сарыарқаның» бұрынғы президентіне қандай бап бойынша іс қозғалды

«Сарыарқаның» бұрынғы президентіне қандай бап бойынша іс қозғалды

Фото: gov.kz

Прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған Арғын Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды.

Бұл туралы Kazinform ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Бас прокуратурасы А.Нығматулинге және басқа да күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұл бап бойынша, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ол Қарағанды хоккейіне бөлген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Айта кетейік, Арғын Нығматуллин 2007-2018 жылдар аралығында «Сарыарқа» хоккей клубының президенті ретінде қызмет атқарған. Оның жетекшілігімен қарағандылық ұжым Қазақстан чемпионы атанып, жоғарғы хоккей лигасын жеңіп алды.

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Алғашқы жарыс күнінде кімдер сынға түседі?

Дзюдо

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Алғашқы жарыс күнінде кімдер сынға түседі?

Футболдан Еуропа лигасы финалында англиялық екі клуб кездесед

Футбол 10 минут бұрын

Футболдан Еуропа лигасы финалында англиялық екі клуб кездесед

Қазақстанның бірінші ракеткасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Теннис 33 минут бұрын

Қазақстанның бірінші ракеткасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Бірінші лигада «Ертіс» көш басына шықты

Футбол 35 минут бұрын

Бірінші лигада «Ертіс» көш басына шықты

Дастан Сәтпаев кімді үлгі тұтатынын айтты

Футбол 10 сағат бұрын

Дастан Сәтпаев кімді үлгі тұтатынын айтты

«Ертіс» Бірінші лигада көш бастады

Футбол 11 сағат бұрын

«Ертіс» Бірінші лигада көш бастады