09.03.2025
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлына қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады.
Бұған дейін Discípulos Boxing Club әлеуметтік желідегі парақшасында ESPN журналисі Бернардо Пилаттиге сілтеме жасап: «Густаво Оливьери Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жекпе-жектен бас тартып, оның орнына Шейн Мосли-кішімен кездеспек болғанын, бірақ бұл ұсынысты WBO қабылдамағанын растады» деп жазған болатын.
Алайда, Оливьери бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
— Сәлем, чемпион. Аталған жазба мүлде шындыққа сәйкес келмейді. Мен керісінше, Шираз WBO чемпиондық титулына міндетті қарсылас ретінде жекпе-жектен бас тартқанын айттым. Сол үшін ол рейтингтен шығарылды. Осыдан кейін біз Мосли-кішімен жекпе-жекті де міндетті кездесу ретінде бекітпедік, себебі ол WBO ережелеріне сәйкес келмеді, – деп жазды Оливьери әлеуметтік желідегі парақшасында.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов