10.03.2025
Қазақстандық футболшы испаниялық клубта ойнауы мүмкін

Фото: Goal.kz
Қазақстандық футболшы Еламан Оспанғали испаниялық «Мальорка» жастар клубының қаралымынан өтуде.
Оспанғали — өскемендік «Алтай» клубының түлегі. Өткен жылдың жазында 19 жасар футболшы «Тобылдың» жастар клубымен келісімшартқа отырған.
Еламан қостанайлық ұжымның намысын Қазақстанның екінші лигасында қорғап, 7 матчта 6 гол соқты.
