11.03.2025
Назым Қызайбай: Әлем чемпионатында әр боксшы барын салады

Фото:Olympic.kz
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Назым Қызайбай жанкүйерлерге арнау жасады.
- Баршаңызға сәлем. Сербия елінде Әлем Чемпионаты басталды, кеше жеребе тартылып, бүгін бірінші жекпе-жектер болады. Біздің құрамадан жарысты @balkibekovaas мен @talibanova_ бастады. Қалған қыздар, жаттығуды жалғастырып, алдағы жекпе-жектерге дайындаламыз. Бәріміз қаншама уақыт еңбектеніп, осы жарысқа дайындалдық, бәрі оңды болып, жақсы нәтижеге жетсек екен! Сіздер қолдап,жаңкүйек болыңыздар.Әр қызымыз барын салады, бұл күмәнсіз, тек бағымызбен бабымыз бірге шауып еңбек ақталса екен, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әлем чемпионатында Назым Қызайбай 48 келі салмақта Назым Қызайбай словакиялық Николь Дуриковамен шаршы алаңға шығады.
Ол 1993 жылы дүниеге келген. 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Әлем чемпионатында екі (2014, 2016) мәрте чемпион атанса, 2012 жылы қола жүлдеге қол созды.
